» » Шетелде әлі 4 мыңнан астам қазақстандық саяхаттап жүр

Шетелде әлі 4 мыңнан астам қазақстандық саяхаттап жүр

 
Соңғы деректер бойынша шетелде 4 мыңнан аса жерлесіміз саяхаттап жүр. Олардың басым бөлігі Египет, Таиланд, Үндістан және Біріккен Араб Әмірліктерінің демалыс орындарында екені анықталды.

Коронавирустың қауіптілігіне байланысты енді олар елге қайтарылмақ.
Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Өркен Бисақаевтың мәлімдеуінше, туристерді елге қайтарумен отандық екі әуекомпания айналыспақ.
«Қазір осы шаруаның техникалық және қаржылық мәселелері талқыланып жатыр», – деді ол.
Төтенше жағдай кезеңінде қолға алынған шаралардан отандық тур компаниялар шаш етектен шығынға батып жатыр екен.
Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев: «Бүгінгі таңда туристік саланың жағдайы оңай емес. Туроператорлар шетелге шығуға шектеу қойылуына байланысты шығынға батып жатыр. Біздің есеп бойынша төтенше жағдай кезінде жалпы сомасы 2,7 млрд теңгені құрайтын 5526 адам сапардан бас тартуы тиіс», – деді.
"Айқын" ақпарат
17 наурыз 2020 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031