» » "Арандатушылар – біздің дұшпанымыз": Назарбаева халыққа үндеу жасады

"Арандатушылар – біздің дұшпанымыз": Назарбаева халыққа үндеу жасады

  Сенат төрағасы төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырды
Төтенше жағдай кезінде қауесет пен жалған ақпарат таратуға үзілді-кесілді тоқтау салу керек. Бұл туралы парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандықтарға арнаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Назарбаева еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев енгізген төтенше жағдай уақытылы және қажетті шара екенін атап өтті.
"Біздің ортақ мақсатымыз – коронавирус инфекциясының таралуымен күресу, оның Қазақстан экономикасына және адамдардың өміріне теріс ықпалын болдырмау. Барлық мемлекеттік қызмет, әкімдіктер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықты барлық қажетті затпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін шешуге жұмылдырылған", - деді сенат төрағасы.
Ол қазіргі уақытта медицина қызметкерлеріне барынша көмек пен қолдау көрсету қажеттігін айтты. Адамдардың өмірі мен денсаулығы олардың кәсібилігі мен жауапкершілігіне байланысты болмақ.
"Біз құқық қорғау органдарының әрекеттеріне және төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне  байланысты шектеулерге түсіністікпен қарауымыз керек. Мемлекеттік органдардың міндеті – пандемия және онымен күресу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпараттың барынша ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету. Үрейлі көңіл күй, қауесет пен жалған ақпарат таратуға үзілді-кесілді тоқтау салу керек. Дүрліктірушілер мен арандатушылар – короновирустың өзі сияқты біздің дұшпанымыз", - деп толықтырды спикер.
Оның пайымынша, пандемиямен күресудегі біздің ортақ жетістігіміз, бірінші кезекте, бүкіл қоғамның, еліміздің барлық азаматының, біздің, қазақстандықтардың жауапкершілік ұстанымына байланысты болмақ. Тыныштықты, тәртіпті, гигиенаны сақтау, оқшаулану, өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасау - вируспен күресудің басты құралы.
"Бүгін бәрімізге ынтымақтастық және өзара жауапкершілік пен көмек қажет. Өзіңізді және жақын адамдарыңызды күтіңіздер. Бәріміз бірге жеңеміз!". – деп түйіндеді Назарбаева.

Sputnik.kz





17 наурыз 2020 ж. 19 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031