» » ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

   Мемлекет Басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес қала әкімі Н.Нәлібаев, қала көлемінде 2017 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы есебін беруде.    Ағымдағы жылғы 24 қаңтарда Белкөл және Тасбөгет кентінде басталған есеп беру кездесулері, бүгінгі күнге дейін Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Ақжарма, Ақсуат, Қызылөзек, Талсуат ауылдық округтерінде өткізілді.    Кездесу барысында, қала әкімімен қатар кент және ауылдық округ әкімдері, жергілікті полиция қызметкерлері де өз есептерін беруде.
    Кездесу барысында кент, ауылдық округ тұрғындары қала және ауыл әкімдерінің атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, ауыл тұрмысын жақсартуға қажетті деген ең маңызды өздерін толғандырып жүрген сұрақтары мен сауалдарын ортаға салуда.
    2017 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар, есепті кездесулерде көтерілген сұрақтар мен өзекті мәселелер туралы толық ақпарат жергілікті БАҚ құралдарында жариялануда.
    Қала әкімі Н.Нәлібаевтың қала тұрғындарымен қорытынды есеп беру кездесуі 2 ақпан күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді.
30 қаңтар 2018 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930