» » КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕҢ ҚАУІПТІ ТАРАТУШЫЛАРЫ- КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАР

КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕҢ ҚАУІПТІ ТАРАТУШЫЛАРЫ- КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАР

  Қытайлық ғалымдар коронавирустың ерекше белгілерінсіз немесе айқын білінбей ауырытындықтарынан, балалардың жұқпалы аурудың қауіпті таратушы екендігін анықтаған деп жазады Известия MedicalXpress-ке сілтеме жасап. 
Қытайлық Гуанчжоу балалар орталығының мамандары COVID-19 жұқпалы ауруын жұқтырған отбасылардың 2 айлық нәрестелер мен 15 жас аралығындағы 745 балаларға зерттеу жүргізген. Барлық кәмелетке толмаған балаларға сараптама өткізген. 10 ғана (1,3%) ауру жұқтырғаны анықталған. Олардан аурудың ерекше белгілері байқалмаған. Жеті балада дене қызуы 39 градусқа көтерілген. Оларда ересек адамдар секілді бұлшық еттері ауырып, әлсіздік сезініп, қиын тыныс алу сияқты белгілері мүлде болмаған. Әсіресе өкпе қабынуына асқынып кетуін байқамаған. Осы деректерге сүйене отырып, ғалымдар ауруды балалардың ересектерге қауіпті таратушысы деген болжамға келіп отыр.
Сондай-ақ таратушы балалардың ағзасында ауру ұзақ жүруі мүмкін. Тыныс алу жолдарындағы ауру белгілері тоқтаған соң, нәжісінде әлі де аурудың ағзада бар екені белгілі болған.
Мамандардың болжамы бойынша, балаларды ұзақ уақыт оқшаулаған дұрыс.
Наурыз айының басында ҚХР ауруды бақылау және алдын-алу орталығы 72 314 адам жұқтырғанын мәлімдеген. Белгілі болғанындай, балалар сирек ауырған екен. Жаңа туылған нәресте мен 19 жас аралығындағылар жалпы жұқтырғандардың 1%  ғана құраған.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде екеуі кәмелетке толмағандар.


17 наурыз 2020 ж. 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031