» » Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі болатын күн белгілі болды

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі болатын күн белгілі болды

  Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 12 қыркүйекте өтеді. Тараптар қаржылық жағдай туралы ауызша келісімге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Басылым дереккөздері жекпе-жек Даллас қаласындағы AT&T стадионында болады деп мәлімдейді.
Боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде АҚШ-та өтті және тең есеппен аяқталды. 2018 жылдың қыркүйегінде қазақстандық судьялардың шешімімен Канелодан жеңіліп, титулынан айырылды. Бұл жеңіліс Головкиннің кәсіби мансабындағы бірінші жеңіліс болды.
Мамыр айының басында Альварес орта салмақта WBO титулын иеленген британдық Билли Джо Сондерспен кездесуі керек еді. Алайда, BoxingScene мәліметінше, бұл жекпе-жек коронавирустың кесірінен, ең болмағанда маусым айына кейінге қалдырылды.
Егер Сондерспен матч үзілсе, мексикалық күзде Головкинмен жұдырықтасуға дайын.
Бұған дейін GGG келесі жекпе-жегі 6 маусымда болуы мүмкін деп хабарланған болатын, ал ең ықтимал қарсылас - міндетті бәсекелесі польшалық Камиль Шеремет.
18 наурыз 2020 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930