» » Рухани кездесу өтті

Рухани кездесу өтті

Исатай Әбдікәрімов атындағы "Қызылорда аграрлық техникалық" колледжінің жастары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұлттық бірегейлікті сақтау бағытын жүзеге асыру мақсатында кәсіби жыршы, халықаралық «Мен қазақпын» мега жобасының жеңімпазы Күнсұлу Түрікпенмен танымдық кездесу  өтті. "Біздің ертеңгі тыңдаушыларымыз, ұлттық құндылықтарымызға тұтқа болатын осы буын. Бар білген түйгендерімізбен үнемі бөлісуге асықпыз. Сондықтан салт дәстүрді ұлықтап, ұлттық музыкаға деген құрмет қошеметін көрсетіп келе жатқан қара шаңыраққа, ұйымдастырушы азаматтарға айтар алғысымыз зор! Жастардың көңіл көкжиектерін ұлттық музыка арқылы кеңейтіп, рухани қуатын жыр-термелерімізбен арттырып отырсақ, бізге одан асқан құрмет жоқ", - деді жырау кездесу туралы. Кесдесуде жырау қыз тыңдармандарының сұрақтарына жауап беріп,  жырдан шашу шашты. Шара  облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша
«Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен  болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасыны аясында"Асыл мұра-Орда" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. 
13 наурыз 2020 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930