» » «ANTIKOR ORTALYǴY» онлайн режимінде

«ANTIKOR ORTALYǴY» онлайн режимінде

"Төтенше жағдай режимін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 18 наурызынан бастап «ANTIKOR ORTALYǴY» қызмет көрсету орталығының қызметі және азаматтарды қабылдау уақытша онлайн режиміне ауысқандығы туралы хабарлайды.Дегенмен, бекітілген кестеге сәйкес Департамент басшылығымен азаматтарды «онлайн» қабылдауды ұйымдастыру қарастырылған. Бұл үшін Департамент кеңсесіне 8 (7242) 23-05-44 нөміріне хабарласу қажет.
Сонымен қатар, барлық азаматтар үшін «е-gov» электрондық үкіметі арқылы, сондай-ақ «ҚазПочта» АҚ қызметтері арқылы өтініштерді беру мүмкіндігі сақталады. 
Қағаздағы өтініштерді қабылдау үшін Департаменттің кезекші бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде арнайы жәшік орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда, 8 (7242) 23-06-90 нөмірі арқылы Департаменттің жауапты қызметкерлерімен хабарласа аласыздар.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
20 наурыз 2020 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31