» » Air Astana 37 500-ден астам қазақстандықты шетелден әкелді

Air Astana 37 500-ден астам қазақстандықты шетелден әкелді

   
Коронавирустың салдарынан бірқатар елдерге кіру-шығу ережелерінің шектелуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы биыл 1-23 наурыз аралығында 37 500-ден астам қазақстандықты шетелден әкелді.
Наурыз айының соңына қарай әкелінген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 40 мың адамға дейін өседі деп күтілуде.
Air Astana қазақстандықтарды Отанына қайтару үшін жан-жақты көмектесіп жатыр.
  22 наурыздан 14 сәуірге дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантинге және елдегі төтенше жағдайға байланысты рейстердің 95%-ы тоқтатылды (2863 орнына 140 рейс орындалады) және 22 наурыздан бастап барлық ішкі рейстер тоқтатылды. 29 наурызда халықаралық репатриациялық рейстер тоқтатылады. Ең өзекті халықаралық рейстердің кестесі airastana.com сайтында жарияланған.
22 наурыздан 14 сәуірге дейін төтенше жағдай кезінде әуе компаниясы ішкі транзиттік жолаушыларды тұрғылықты жеріне дейін жеткізе алмайды.
 

23 наурыз 2020 ж. 16 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930