» » Медициналық-бақылау бекеттерінің жұмысы қауырт

Медициналық-бақылау бекеттерінің жұмысы қауырт

 
 Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес Қызылорда облысында медициналық-бақылау бекеттері Түркістан, Ақтөбе, Жезқазған және Жаңақорған-Балтакөл бағыттарындағы автожолдарда орналасқан.
Блок-бекеттерде тәулік бойы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті полиция қызметі қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс жасауда.
Медициналық-бақылау бекетінде өңірге келушілердің міндетті түрде денсаулық жағдайы тексеріледі және тепловизор арқылы дене қызуы өлшенеді. Сонымен қатар, әрі қарай медициналық бақылауға алу үшін жеке мәліметтері алынып, сауалнама толтырылады.
Мұнымен қоса келуші азаматтарға ауру таралуының алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін медициналық-қадағалау бекеттерінен 1432 адам өтіп, сауалнамалар толтырылды. Аталған азаматтар әрі қарай да медициналық бақылауда болады.

24 наурыз 2020 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031