» » Ангела Меркель карантинде жатыр

Ангела Меркель карантинде жатыр

   
Германия канцлері Ангела Меркель COVID-19 вирусын жұқтырған дәрігермен қарым-қатынас жасаған соң карантинге жатқызылды. Бұл туралы канцлердің ресми өкілі Штеффен Зайберт мәлімдеді, деп хабарлайды 
ҚазАқпарат тілшісі.
«Жұма күні аталмыш дәрігер канцлерге пневмококк инфекциясына қарсы екпе жасаған болатын. Кейіннен ол коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тестілеуден өткен, сөйтіп оның қатерлі індетті жұқтырғаны белгілі болды. Бұл жағдай бүгінгі баспасөз конференциясынан кейін канцлерге хабарланды», - дейді Зайберт.
 Оның айтуынша, канцлер тез арада үй карантиніне оқшаулану жөнінде шешім қабылдаған.
 «Ол алдағы бірнеше күн бойы тексеріліп, ұдайы бақылауда болады. Өйткені қазіргі сатыда тестілеу нақты нәтиже көрсетпеуі мүмкін», - деп атап өтті канцлердің ресми өкілі.
Ангела Меркель карантинде жатса да, өзінің қызметтік міндеттерін атқара береді.

23 наурыз 2020 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031