» » Қызылорда облысының көпбалалы аналары Елбасыға хат жолдады

Қызылорда облысының көпбалалы аналары Елбасыға хат жолдады

  Қызылорда облысы Баламекен ауылының көпбалалы аналары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа әлемді алаңдатқан коронавирус індеті кезінде халықтың аз қамтылған санаттарын қолдауды тапсырғаны үшін алғыс айтып, хат жолдады.

Хат. Фото: Айгүл Хожантаева\Baribar.kz
Ризашылық хатқа қызылордалық аналардың атынан Баламекен ауылының 20-ға жуық көпбалалы аналары қол қойған.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз, Қызылорда облысының аналары, соның ішінде Баламекен ауылының тұрғындары, көпбалалы аналар Сізге шын ниеттен туған ақ тілегімізді арнаймыз! Әлемді әлекке салған індеттің таралуынан халқымызды аман сақтап қалуға, ел болып жұмылуға шақырған Үндеуіңізді біздер қолдаймыз, – делінген хатта.
Қызылордалық аналар одан әрі Елбасының BizBirgemiz бастамасын ыстық ықыласпен қабылдап, Тұңғыш Президенттің осындай қиын кезеңде баршаға үлгі көрсеткенін жеткізген.
“Жақсыдан – шарапат” деген осы болар, карантин уақытында Нұр-Сұлтандағы және Алматыдағы халықтың аз қамтылған санаттарын қолдауға тапсырма бердіңіз. BizBirgemiz деп аталған бастамаңыздың аясында тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға жасап отырған қолдауыңызды қызылордалық көпбалалы аналар ыстық ықыласпен қабылдадық. Қазіргі тығырықтан да, Сіз және Сіз бен біз болып сенім артқан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы және елдегі бірлігіміз арқылы елді аман алып шығатынымызға біз кәміл сенеміз. Сізді Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, елімізге жарқын болашақ тілейміз! – деген көпбалалы аналар.
24 наурыз 2020 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

22-351

04 маусым 2020 ж.

22-351

04 маусым 2020 ж.

21-350

28 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930