» » Жаңа емі жоқ ауру. Қытайда хантавирустан бір адам қайтыс болды

Жаңа емі жоқ ауру. Қытайда хантавирустан бір адам қайтыс болды




Қытайда хантавирустан бір адам қайтыс болды.
Юньнань провинциясының тұрғыны чартерлік автобуспен көрші провинцияға бара жатқан. Ол кенеттен қайтыс болғаннан кейін дәрігерлер тез арада диагноз қойған, одан белгілі хантавирустан шығатын кардиопульмональді синдром анықталған. Автобуста болған барлық 32 адам карантинге жатқызылды. Әзірге олардың арасында вирус жұқтырғандар туралы мәлімет жоқ.
Хантавирустық кардиопульмональды синдром - ауыр респираторлық ауру саналады. Вирус кеміргіштерден таралады, олардың зәрінде қалып, ауамен беріледі.
АҚШ-тың жұқпалы ауруларды бақылау орталығының мәліметтері бойынша, бұл вирусты жұқтыру қаупі тіпті дені сау адам үшін де өте жоғары.
Хантавирус симптомдары көптеген респираторлық аурудың белгілеріне ұқсас. Бас ауруы, әлсіздік, жөтел, ас қорытуда қиындық, құсу байқалады. Хантавирусты емдейтін вакцина әлі жоқ.
25 наурыз 2020 ж. 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930