» » Коронавирустан жазылған екі адам Алматыда емделген

Коронавирустан жазылған екі адам Алматыда емделген

 Коронавирустан емделіп, жазылған 2 адам Алматы тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ақпаратты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
«Коронавирустан Алматыда екі адам емделді. Олар ертең ауруханадан шығады», – деді баспасөз қызметінен.
Бұған дейін, бұл індеттен Қазақстанда 2 адам емделіп, жазылғанын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтқан болатын.
Осы уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді

  Kyzylorda-news.kz.

26 наурыз 2020 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930