» » Алғаш рет вирус жұқтырған науқас сұхбат берді

Алғаш рет вирус жұқтырған науқас сұхбат берді

  Осы уақытқа дейін вирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылғандардың ешқайсысы коронавируспен ауырудың қалай болатынын айтқысы келмеген. Бүгін КТК арнасының тілшісіне вируспен ауырған қыз эксклюзивті сұқбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коронавирусты жұқтырып алған Алина Жанзақованың сөзінше, ол СОVID-19 вирусын кейінге қалдырылған рейс салдарынан Грузиядан Беларусь арқылы елге оралуға мәжбүр болғанда жұқтырып алған.
«Ұшақта жөтеліп, ауырып отырған әйелді көрген едік. Бірақ оның диагнозы анықталды ма білмедім. Бірақ біздің Минск-Алматы ұшағында вирустыжұқтырған екі адам болды. Құрбым екеуміз вирусты жұқтырған болсақ басқа адамдарға жұқтырмайық деп бір таксиде қайттық. Мен үйде оқшауландым», – дейді Алина Жанзақова.
Алинаның айтуынша, елге қонғанан кейін дәрігерлер хабарласып, бортта коронавируспен ауырған біреу болды ма деп сұрайды деп күткен. Бірақ ауру белгілері бұрын пайда болды.
«Алғашқы симптомдар: құрғақ жөтел және іште, өкпеде, кеуде тұстан аздап қызу мен күйік сезіну. Менде бастапқыда денеқызуы болған жоқ, қазір де жоқ. Дене қызуым – 35 және 8. Осы қалыптан мүлдем өзгермейді. Дәрігерлер түнгі сағат 2-де маған коронавирус расталғанын хабарлады», – деп есіне алды Жанзақова.
Екі күннен кейін жөтел мен тамақтың ауыруы басылды дейді Алина. Қазір ол өзін жақсы сезінеді. Қызды вирусқа қарсы препаратпен емдейді, ол сондай-ақ АИТВ жұқтырғандар, яғни иммунитет проблемалары бар адамдар емделетін ауруханада болғанын айтты. Қазір Алматылық бойжеткенді толғандыратын жалғыз нәрсе – бұл біреуге жұқтырып алмадым ба деген ой.
«Мені қатты алаңдататыны осы. Бұлай болғанын қаламап едім. Менімен бірге палатада екі адам болды. Оларға вирустың жұққанына 100% сенімдімін, өйткені біз бес күн бірге болдық. Ол қыздарды қазір ауруханадан шығарып жіберді, бірақ олды қайта жатқызатын шығар, өйткені олар вирус жұқтырды. Содан кейін мені басқа палатаға ауыстырды. Онда да үш-төрт адам болды», – дейді Алина Жанзақова.

26 наурыз 2020 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930