» » Пандемия бұрын болған ба?

Пандемия бұрын болған ба?

  Оба адамзатқа ерте заманнан көлемді жерлерді ойрандатушылығымен белгілі.  Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы болып өтті. Бірінші тарихқа “юстинианов обасы” (531-580 ж.ж.) деп аталды. Ол Мысырда басталып Жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Еуропа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млн.ға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда “қара өлім” аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Үндістан, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адам көз жұмған. Осы пандемияға қарсы ортағасырлық Еуропада оба дәрігерлері ұйымы құрылды.
Бұл ортағасырлық Еуропада Ренессанс заманында құрылған мамандықтың жаңа түрі болатын. Оның негізгі міндеті тубонды обамен немесе «қара өліммен» ауыратын науқастарды емдеу. Оба дәрігерлерінің айрықша ерекшелігі - құс тұмсығына ұқсас өзіндік «мұрынды» бетперде киген.
Қара өлімнің пандемиясының басталуымен дәрігерлердің қауіпті ауруға қарсы әрекеттері басталды. Бірақ біраз уақыт бойы мамандандырылған «оба дәрігерлері» болған жоқ. Обаны емдеуге арнайы дәрігерді жалдауды алғаш Рим папасы Клемент VI құрды, ол 1348 жылы Авиньонның тұрғындарын емдеуге дәрігерді шақырды. Осыдан кейін Рим Папасы обадан зардап шеккен ірі қалалардың басшыларына дәрігерді жалдау қызметін заң жүзінде тапсырды. Келесі төрт ғасырда оба дәрігерлері Еуропа өмірінің ажырамас бөлігі болды. Оба емшілері тез арада сол қоғамда ерекше орын алды.  Көп ұзамай, обаның дәрігерлері өте құнды мамандар ретінде қарастырыла бастады. Оларды құнды кадр ретінде қарағандары соншалықты  обадан қаза болған адамдардың денесін ашуға рұқсат етілді.. Сонымен қатар, оба дәрігерлеріне жоғары ақы төленді. 1348 жылы Италияның Орвието қаласында оба дәрігері Маттео Ангелоны  жалақысы 200 флорадан болды, бұл қарапайым дәрігердің жылдық төлемінен 4 есе көп.
Пандемия кезінде қазіргі дәрігерлер секілді оба емшілері де қорғаныш костюмін киген. Бұл арнайы костюмді француз ғалымы Шарль де Лорм обамен ауыратын науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлер үшін қорғаныс киімдерінің толық жиынтығын жасап шығарды. Осы уақытқа дейін бірыңғай қорғаныс костюмі болған жоқ, оба дәрігерлері түрлі киімдерді киіп жүрді. Де Лорм ұсынған костюм жеңіл былғарыдан жасалған. Ерекше костюмнің жиынтығына «тұмсық» бетпердеден басқа ұзын пальто, тығыз қолғап, етік және шляпа кірді. Костюмнің барлық элементтері балауыз немесе былғарыдан тігілді.Құстұмсықтың қуысын сірке суы қосылған түрлі емдік шөптермен тығындаған.

Аударған : Ерхан Ақын
27 наурыз 2020 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031