» » «Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша ақша беріледі?» - министр жауабы

«Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша ақша беріледі?» - министр жауабы

  Мұндай төлемдердің бірыңғай мөлшері болуы қажет.

Жеңіс күні Қазақстан ардагерлеріне қанша ақша берілетінін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Биыл ардагерлерге төленетін төлем барлық өңірлерде бірдей болмақ. Жеңіс күніне арналған төлем сомасын бірдей мөлшерде жасағымыз келеді. Біз әкімдерге ұсыныстар енгіземіз, әдетте, кем дегенде оны 300 мың теңгеден төменгі деңгейде анықтаймыз. Тыл еңбеккерлеріне - 30 мың теңге, сондай-ақ, оларға теңестірілген адамдарға 100 мың теңге", - деді Нұрымбетов әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңға енгізілген түзетулерді талқылау барысында.
Ол төлем сомасы бұдан көп болуы мүмкін екенін, бұл әр аймаққа байланысты екенін айтты.
"Бірақ өңірлерде бұл төлемдер одан да жоғары болуы мүмкін, барлығы аймаққа байланысты. Мұндай төлемдердің бірыңғай мөлшері болуы қажет. Әрине, олар минималды болмауы керек. Бұл - жеңістің 75 жылдығы, ардагерлердің саны жыл сайын азайып келеді", - деп сөзін толықтырды Еңбек министрлігінің басшысы.


01 сәуір 2020 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031