» » Коронавирус туралы жағымды жаңалықтар

Коронавирус туралы жағымды жаңалықтар

1 сәуірдегі жағдай бойынша, коронавирус індетін дүние жүзінде 890 мыңнан аса адам жұқтырған. Оның 179 мыңға жуығы айыққан. Дүүние жүзінің медицина мамандары вакцина мен коронавирусқа қарсы препараттар дайындап жатыр. Одан бөлек, вирус ошағы болып саналатын Ухан қаласының жағдайы жақсара бастаған көрінеді. Tengrinews.kz тілшісі соңғы кездері әлем елдерін сан-саққа жүгірткен коронавирусқа қатысты жағымды жаңалықтарын жинады. 
Коронавирусқа қарсы вакцина дайындалып жатыр
Мәселен, АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастады. Тәжірибеге 18 бен 55 жас аралығындағы 45 адам қатысады. Оларға бір ай бойы вакцинаның екі дозасы беріледі. Алғашқы инъекция шағын технология компаниясында менеджер болып қызмет ететін ер адамға салынды. Вакцинаның нақты қашан дайын болатыны әзірге белгісіз. Ал жалпы қолданысқа америкалық вакцина 12-18 ай көлемінде беріледі деп жоспарланған. 
Америкалық әріптестерімен қатар Ұлыбританияның мамандары да вакцина әзірлемек. Бұл елде тәжірибеден өтуге 20 мың адам келісім берген. Ол да тегін емес: тәжірибеге қатысатын әр адамға 3500 британ фунты (2 миллион теңгедей) беріледі. 
Вирус ошағы Уханның жағдайы жақсара бастады
China Daily мәліметінше, 11 наурызда вирустың тарау ошағы болып саналатын Қытайдың Ухан қаласында коронавирус індетін жұқтырған адамдарды қабылдаған уақытша ауруханалар жабылды. Сонымен қатар, ДСҰ мәліметінше, Қытайда 20 наурызда жергілікті адамдардан коронавирус жұқтырғандар анықталмаған. Тек шетелден келген адамдардан коронавирус анықталған көрінеді.   
Apple-дың Қытайдағы бөлімшелері жұмыс істей бастады
Танымал бренд Apple компаниясының Қытайдағы бөлімшелері мен дүкендері ақпанның басында коронавирус эпидемиясына байланысты жабылған болатын. Компанияның қытайлық сайтында дүкендер 13 наурыздан бастап ашылатыны айтылған. Айта кетейік, Қытайдағы эпидемияның басталуы смартфондардың сұранысын төмендеткен еді. 
Италияда коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендей бастады
Италияның азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Борелли 31 наурызда елде вирусты жұқтыру бойынша рекордтық төмен көрсеткіш тіркелгенін мәлімдеген. Бір тәулікте тек 1648 адам коронавирус індетін жұқтырған. Ал соңғы 13 күнде вирус жұқтырғандардың саны тәулігіне 3 мыңнан түспеген. Науқастардың коронавирусты жұқтыру бойынша төмен көрсеткіші 10 наурыздан бері тіркелмеген.  
Италиядағы 101 жастағы қария коронавирустан айықты
Италияның Римини қаласының тұрғыны, 101 жастағы Мистер Пи деген есіммен белгілі қарт коронавирустан айығып шықты. 
Коронавирус індетін көбіне 65 жастан асқандар ауыр өткереді. Италияда вирус салдарынан көбіне қарт адамдар қайтыс болып жатыр. Сондықтан 101 жастағы қарияның вирустан айығып шығуы таңғаларлық жайт болған. 
Мистер Пи 1919 жылы туған. Ол аштық пен испан тұмауын бастан өткерген. 
Францияда коронавирусқа қарсы (болжам бойынша) дәрі-дәрмек тәжірибеден сәтті өтті
23 наурызда француз ғалымдары бұған дейін түрлі ауруды емдеуге қолданылған препараттар зертхана нәтижесі бойынша сәтті аяқталғанын мәлімдеген. Бұл дәрілер коронавирустың жаңа түріне қарсы әсер етуі мүмкін. 
Алайда бұл препараттар әлі де бірнеше тәжірибеден өтуі керек. Мамандардың сөзінше, бұл дәрілер коронавирусқа қарсы әсер етуі мүмкін деген үміт бар. 
Қытай билігі елде эпидемия аяқталғанын мәлімдеді
РИА Новости мәліметінше, 29 наурызда Қытай билігі коронавирус індетінің таралуы тоқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі Мемкомитеттің ресми өкілі Ми Фэн мәлімдеген.  
Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда эпидемия басталғалы бері 81 554 адам коронавирус жұқтырып, оның 76 238-і жазылып шыққан. Бүгінде коронавирус ошағы болып саналатын ел вирустан қайтыс болған адам саны бойынша төртінші орынға (3 312 адам) түсті. 
01 сәуір 2020 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031