» » Банк кредит төлемей жүргендердің қарызын 42 500 теңгеден ұстап қала ала ма?

Банк кредит төлемей жүргендердің қарызын 42 500 теңгеден ұстап қала ала ма?

  Министр 42 500 теңге бір рет тағайындалғанымен, ай сайын төленетінін атап өтті. Әлеуметтік төлемге салық салынбайды. Екінші деңгейлі банктер төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтарға төленетін 42 500 теңгеден қандай да бір қарызды ұстап қала алмайды. Жәрдемақыға салық та салынбайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
"Екінші деңгейлі банктерге 42 500 теңгеден, коммуналдық қызмет, кредит қарызы болсын, қандай да бір берешекті ұстап қалуға тыйым салынды. Тіпті қарыз болған күннің өзінде құқығы жоқ. Әлеуметтік төлемге салық та салынбайды. Яғни, бұл ақшаға тиісуге болмайды. Азаматтар 42 500 теңгені толық көлемде алуы тиіс", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте. 
Министр 42 500 теңге бір рет тағайындалғанымен, ай сайын төленетінін атап өтті. 
"Әлеуметтік төлем алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ. Кез келген карталық шотыңызға аударылады", - деді ол. 
Бұған дейін Нұрымбетов декретте отырған аналар да өтініш бере алатынын айтқан болатын. Ол үшін әйелдің декреттік демалысқа шыққанына бір жыл толуы керек.





06 сәуір 2020 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031