» » Декретте отырғандар қандай жағдайда 42 500 теңге ала алады – министр жауабы

Декретте отырғандар қандай жағдайда 42 500 теңге ала алады – министр жауабы

  Қазір төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға 938 мың адамнан өтініш түскен.
Декреттік демалыста отырған аналар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алуға өтініш бере алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, әлеуметтік төлемге декретке шыққанына бір жыл толған әйелдер өтініш бере алады.
Ол декреттік демалыста отырған аналарға бала күтіміне байланысты бір жылға дейін мемлекет тарапынан жәрдемақы төленетінін атап өтті. 
"Бір жылдан соң, олар жұмысқа шығар еді. Бірақ, қазір оларды ешкім жұмысқа алмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жылдан соң, бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, 42 500 теңге жәрдемақыны алуға мүмкіндігі бар", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте. 
Айта кетсек, қазір төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға 938 мың адамнан 1 миллион 284 мың өтініш түскен.
 



06 сәуір 2020 ж. 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031