» » Өңірдің өркендеу өмірі

Өңірдің өркендеу өмірі


Серік ҚОЖАНИЯЗОВ, облыс әкімінің орынбасары 
– Биыл облысымызда 90 882 га жерге күріш егіліп, 502,5 мың тонна өнім жиналды. Сондай-ақ қаңтар-қараша айларында облыс бойынша 89,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталып, өткен жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға артты. Оның ішінде экпортталған күріш көлемі 84,6 мың тоннаны құрап, 39 пайызға артты. Шиелі кентінде жылына 3,5 млн. дана жұмыртқа өндіретін ЖК «Мөлдір и К» құс фермасы іске қосылып, жобаны 65 тонна құс етін өндіру бойынша кеңейту межеленді. Сонымен қоса Қарауылтөбе ауылдық округінде 1 гектар жерге жылыжай жасалып, өнімі алынды. 
Ауыл шаруашылығы
  • Мемлекеттен 9,3 млрд. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға артты.
  • Ауыл шаруашылығының өнім көлемі – 86,1 млрд. теңге.
  • Инвестиция көлемі 2016 жылмен салыстырғанда – 25,7 пайызға артты.
  • Тамақ өнімдерін өндіру – 619,3 млрд. теңге.
Мал шаруашылығы
  • Облыс бойынша 309,6 мың бас мүйізді ірі қара, 586,7 мың бас қой мен ешкі, 120,5 мың бас жылқы, 42,4 мың бас түйе, 2,3 мың бас шошқа және 112,8 мың бас құс өндірілуде.
  • «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 2100 бас аналық сиыр (72 бұқа) сатып алу жоспарланып, жоспар 119,4  пайыз орындалды.
  • «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1000 бас қой (40 қошқар) алу жоспарланып, жоспар 163,3 пайыз  орындалды.
  • «Құлан» бағдарламасына сәйкес 500 бас жылқы сатып алу жоспарланып, жоспар 134,6 пайызға орындалды.
Су шарушалығы
  •  Бүгінде 159 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді айналымға қосу үшін құны 122 млрд. теңге болатын 3 жоба жүзеге асуда.
  • Сыйымдылығы 2,3 млрд. текше метр жаңа 3 су қоймасы салынады.
  • Аудандық бюджеттен 18,7 млн. теңге бөлініп, уақытша габионнан «Қожатай» су тоспасы салынды.
Балық шаруашылығы
  • Облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыттары жұмыс істеуде. Соның ішінде 3-еуі Еуропалық сапа стандартына сәйкестігін растайтын «Еврокод» санын алған. 
  • 8740 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 140 млн. теңге қаржы түсірілді.
Экологияға қарсы шаралар
  • 2017жылы 30-31 мамырда облыс әкімдігі халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен бірлесіп, Қызылорда қаласында алғаш «Арал халықаралық тұрақты дамыту» форумы ұйымдастырылды.
Байқоңыр
  • Осы жылы 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды.
  • Өткен жылдың қараша айында қалаға табиғи газ беру басталды. Сонымен бірге қаланың су беру жүйелерін жаңарту жұмыстары басталды.
Әсел БЕГМАН
01 ақпан 2018 ж. 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031