» » Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді

Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді

 Биыл әскери қызметке шақырудың көктемгі мерзімі тамызға дейін ұзартылады. Бұған дейін маусым айына дейін жоспарланған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді. 
Мемлекет басшысы қол қойған құжатты Ақорда сайты жариялады.
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне, ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын", - деп жазылған жарлықа.
2020 жылдың ақпанында мемлекет басшысы әскери қызметке шақыру мерзімі наурыз-маусым айлары аралығында болатыны туралы жарлыққа қол қойды. Күзде әскери қызметке шақыру мерзімі өзгеріссіз қалды.
Еске сала кетсек, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Осыған байланысты әскери қызметке шақыру және 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылды.






04 мамыр 2020 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031