» » Қазақстан халқына масканы шешпеуге кеңес берілді

Қазақстан халқына масканы шешпеуге кеңес берілді

  Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға жабық ғимарат ішінде де, көшеде де бетперде киіп жүре беруді еске салды, деп хабарлайды zakon.kz.
Маска кию-кимеу қажеттілігіне байланысты туындаған көптің сауалына жауап берілді.
"Жабық ғимараттарда да, сыртта да бетперде кіп жүре беруге кеңес береміз. Неліктен оны кию керек дейсіздер ме? Біз халықаралық тәжірибеге, озық тәжірибелерді зерттеп, соны өзімізде ескереміз. Ал бүгін Дүниежүзілік денсаулық ұйымы көшеде маска киюге кеңес береді, өйткені бет жабық болғанда адам бет-аузына, мұрнына қолын апармайды. Ал бұл ауруды жұқтырудың кеңінен тараған әрекеті", - деді Есмағамбетова Facebook-тегі онлайн-брифинг барысында.
Зерттеулерге сілтеме жасай отырып, Есмағамбетова адамның үш минут ішінде бетіне, мұрнына және көзіне бес рет қол тигізуі мүмкін екенін атап өтті.

05 мамыр 2020 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031