» » Қазақстанда коронавирусты кімдер жиі жұқтыратыны белгілі болды

Қазақстанда коронавирусты кімдер жиі жұқтыратыны белгілі болды

 Денсаулық сақтау министрлігі 20-25 жас аралығындағы 666 адамда коронавирус анықталғанын хабарлап отыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың дені 20-25 жас аралығындағы жастар. 
Бұл санатта 666 адамда Covid-19 расталып отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде бір тәулікте коронавирусқа шалдығудың жаңа жағдайлары 3 проценттен көп емес.
Сондай-ақ, министр COVID-19 жұқтырғандар скрининг кезінде анықталғанын айтты.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 4 277 адамда коронавирус расталды. Науқастардың саны Алматы (1 392 адам) мен астана (754 адам) ең көп.
Өңірлер арасында әлі де ең көп жағдай Қызылорда облысында тіркелген. Облыста 216 адам індетке шалдықты.






06 мамыр 2020 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031