» » "Басымды дуалап алды" Қайрат Нұртас анасына әйелі туралы не айтқан?

"Басымды дуалап алды" Қайрат Нұртас анасына әйелі туралы не айтқан?

 Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас жары екеуінің махаббат хикаясына қатысты ел білмейтін сырларымен бөлісті. Өнер иесі алғашқыда Жұлдыз Әбдікәрімова басын дуалап алған деп ойлаған болып шықты. Ол тіпті бұл туралы анасына айтып, одан көмек сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
­
Қайрат пен Жұлдыздың арасында болған қызық оқиға жайында "Дастархан шоу" бағдарламасында белгілі болды. Хитменнің анасы ұлы өзіне келіп, ғашығы туралы адам сенгісіз жайтты айтып бергенде қатты таңғалғанын жасырмады.
­
Оқиға Қайрат Нұртастың "Арман" атты әніне бейнебаян түсірілгелі жатқан кезде өрбіген. Қос ғашық клип таспаланар алдында қатты ұрысып қалған.
­
"Ол кезде Қайрат хит болып жатқан. Артынан жүгіретін қыздары көп. Мен Жұлдызды көріп алғам. Одан басқасын елестете алмаймын. Басқа ешқайсысы ұнамайды. Бір күні Қайрат екеуі ұрысып қалған. Ұлым сол кезде маған келіп "Мама ана қыз менің басымды дуалап тастаған. Қаншама әдемі қыздар жүр, қарайын десес миыма қалады да тұрады. Дуасын оқып, қайта ашып беріңізші" деген болатын. Ол кезде мен оған бұл махаббат екенін түсіндірдім. Ойыңнан да, жүрегіңнен де кетпейді дегенсін" , - деді Гүлзира Айдарбекова.
06 мамыр 2020 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031