» » СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК!

СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК!

 Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға көмек көрсету туралы аймақтағы қоғам белсенділерінің бастамасын Қызылорда облысының әкімдігі қолдап, бүгін алғашқы көмек жіберілді.
15 тонналық  азық-түлік  және қажетті құрал-жабдықтар тиелген жүк көлігін «Jas Otan» ЖҚ ҚОФ  жетекшісі  А.Қардашов және еріктілер бастап барады.
9 автокөліктен құрылған  волонтер топтың құрамында  айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, жас кәсіпкерлерМағжан Ералиев, сондай-ақ  облыстағы жас шығармашылық қоғам өкілдері бар.
Гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Көмек көрсетемін деушілер болса, азық-түлік, киім-кешек пен медициналық заттарды және жеке бас гигиенасына қажет құралдарды Қызылорда қаласы, сол жағалауда орналасқан "Жастар ресурстық орталғына" апарып берулеріне болады. Тел: 8 775 370 00 34, 8 702 556 51 58.
06 мамыр 2020 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031