» » Карантин: Қазақстанда балабақшалар қандай тәртіппен жұмыс істейді?

Карантин: Қазақстанда балабақшалар қандай тәртіппен жұмыс істейді?

 ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режиміндегі балабақшалардың жұмыс тәртібін түсіндірді.

«Балабақшаларға тыйым болғанымен, бүгін біраз азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік бердік. Бүгін қаншама өндіріс орындарында, қызмет көрсету саласында жұмысқа шығуға рұқсат берілді. Бірақ, жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенімен, көптеген азаматтардың сәбиі бар. Онда да қарастырып отырмыз», – деді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, жұмысқа шығатын ата-аналар баласын балалабақшаға апара алады. Бірақ, бала санына арнайы шектеулер қойылады.
«Орта есеппен бір топта 25-30 бала болса, қазіргі шектеулерді ескере отырып, әр топта 15 баладан аспайтындай деңгейге жеткізуіміз керек. Сондықтан, әрбір жұмыс істейтін ата-ана балаларын балабақшаға бере алады. Әрі қарай да бұл бағытта жағдай жасауға тырысамыз», – деді Ералы Тоғжанов.

Kyzylorda-news.kz



12 мамыр 2020 ж. 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031