» » Денсаулық министрі желіде қызу талқыланған мәселеге қатысты түсініктеме берді

Денсаулық министрі желіде қызу талқыланған мәселеге қатысты түсініктеме берді

 Елжан Біртанов Қазақстанда вакцина мәжбүрлі түрде салынбайтынын және бұл жағдай алдағы уақытта да сақталатынын айтты
 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов міндетті түрде вакцина салу бойынша әлеуметтік желіде пайда болған пікірталасқа жауап берді. Айтуынша, әрбір жағдайда ата-ананың ақпараттандырылған келісімі немесе егуден бас тарту құқығы болады.
Әлеуметтік желіде сапасыз вакциналар, сатып алулар және вакциналарды дұрыс тасымалдамау, медициналық қиындықтар туралы пікір жиі айтылады. Біртанов мұны "қоғамдық санаға ашық манипуляция жасау" деп атады.
"Қазақстанда вакцина мәжбүрлі түрде салынбайды және бұл жағдай сақталады! Бүкіл әлемдегідей біздің елде де ерікті және міндетті вакциналар болады. Әрбір жағдайда ата-ананың ақпараттандырылған келісімі немесе егуден бас тарту құқығы болады. Балалар құқығын шектейтін ешқандай норма жоқ.Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ететін бір ғана норма бар, яғни балабақшаларға баратын барлық баланың денсаулығын қорғау", - деп жазды Елжан Біртанов Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, вакцинадан бас тартқандардың санының көп екені жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мәселен, 2019 жылы шамамен төрт жарым миллион адамның ішінде 6 мыңдай адам вакцина алудан бас тартқан, бұл - 0,12%.
"Асқынулар бойынша айтар болсақ, 2019 жылы 4841 334 вакцина егілген адамның тек 143-інде ғана кері әсері болды (дене қызуының көтерілуі, ісіну, терінің қызаруы), ал бұл – 0,003%. Сонымен қатар 2019 жылы Қазақстанда қайтыс болған балалардың санына қарасақ, ішінде вакцинадан қайтыс болғандар жоқ", - деп атап өтті Біртанов.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша,Қазақстандағы әрбір вакцина халықаралық стандарттарға сәйкес, қауіпсіз екені, тиімділігі мен сапасы жағынан көп кезеңді тексеруден өтеді.
"Сапаны бақылау тіркеу кезеңінен басталады.Вакцинаның құжаттар жинағына толық талдау жүргізіледі. Ал дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының сарапшылары өндіріс алаңына барып, алгоритм мен стандартқа сәйкес бағалайды. Екінші талдамалық кезеңде зертханалық зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің тарихын, вакцинаның эпидемиологиялық тиімділігі қандай екенін тексереміз", - деп нақтылады Елжан Біртанов.
Сонымен қатар министр тіркеуден кейін елге әкелінетін вакцинаның әрбір партиясы қауіпсіздік пен сапаға тағы бір рет тексерілетінін айтты.
Егер вакцина халықаралық ұйымдар арқылы сатып алынса, онда сапа қауіпсіздігін бағалау ДДҰ деңгейінде жүргізіледі. Қазір Ұлттық егу күнтізбесінің шеңберінде қолданылатын барлық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының біліктілігін арттырудан өтеді.






14 мамыр 2020 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031