» » Қазақстанда "Халық алғысы" медалі пайда болуы мүмкін

Қазақстанда "Халық алғысы" медалі пайда болуы мүмкін

"Халық алғысы" медалі президенттің тапсырмасымен бекітіледі, медальды мемлекет басшысының өзі табыстайды. Қазақстанда коронавирусқа қарсы күресте ерекше көзге түскен қазақстандықтар "Халық алғысы" медалімен марапатталуы мүмкін.
"Ашық НҚА" порталында мемлекет басшысының "Халық алғысы" медалі туралы жарлығының жобасы жарияланды.
"Халық алғысы" медалі коронавирус инфекциясымен күресте ерекше көзге түскен қазақстандықтарға табысталмақ.
Медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан президентіне парламент палаталары, үкімет, Конституциялық кеңес, Жоғарғы сот, министрліктер, өзге де орталық мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.
Медальды салтанатты жағдайда Қазақстан президенті тапсырады.
"Халық алғысы" медалі белгіден және тағаннан тұрады.


Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе "Birgemiz" логотипі бейнеленген. Жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Ал төменгі жағында «"ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ" деген жазу бар.
Медальдің артқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орнатылған. Ортаңғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2020" деген жазу бар.






19 мамыр 2020 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031