» » ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Талқанбаев облыс орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, 18 мамырдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер жаңа форматта көрсетілуде.
Осыған орай, департамент басшысы Нұрман Бақбергенұлы жаңа формат бойынша қызмет алушылардың пікірлерін тыңдап, қызмет көрсету барысындағы мәселелермен танысып, оң бағасын берді.
Айта кету керек, тұрғындар енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алуға барады.
Қызметтерді тек кезек уақытын алдын ала брондау арқылы алуға болады. Ал, ХҚКО-дағы кезек уақытын egov.kz порталы мен Telegram-Bot қосымшасы немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
Бекбол Қаратайұлы
8747-309-09-19, 8708-234-56-4
21 мамыр 2020 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031