» » ХҚКО АШЫЛҒАЛЫ 5 МЫҢНАН АСА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ХҚКО АШЫЛҒАЛЫ 5 МЫҢНАН АСА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


18 мамырдан бастап облыс бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады.
Орталықтар ашылған уақыттан бастап азаматтарға облыс көлемінде жылжымайтын мүлік саласы бойынша - 523, әлеуметтік төлемдер бойынша - 940, жер кадастры саласы бойынша - 343, жергілікті атқарушы органдар арқылы - 367, басқа да салалар бойынша 3121 қызмет көрсетілді. Жалпы, 3 күн ішінде азаматтарға барлығы 5293 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 50%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қалғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.
Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қауіпінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынды. Осыған сәйкес азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.
Бұл ретте қызметтерді тек алдын ала жасалған брондау арқылы алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығына кезек уақытын egov.kz порталы мен Telegram-Bot қосымшасы арқылы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады.
Бұл жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Ал, аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдерде келушілердің ағыны қалаға қарағанда айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз бұрыңғы режимде жұмыс істейтін болады.
21 мамыр 2020 ж. 25 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031