» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СЕКТОРЛАРЫ АРҚЫЛЫ 2 МЫҢАНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СЕКТОРЛАРЫ АРҚЫЛЫ 2 МЫҢАНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ АЛДЫ


Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 3 күн ішінде тұрғындар 2146 мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн түрде рәсімдеген.
Айта кетейік, азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Арнайы ашылған Еgov бұрыштары арқылы тұрғындар өзіне қажетті анықтамалар мен қызмет түрлерін онлайн түрде ала алады.
Сондай-ақ, азаматтар egov.kz электронды үкімет порталындағы «Виртуалды көмекші» сервисі көмегімен бейнеқоңырау шалу арқылы операторлар кеңес беріп, мобильді азаматтар базасына тіркеп, Электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтықтан рәсімдейді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары келесі мекенжайларда орналасқан:
- Қалаға қарасты барлық ауылдық округ әкімдігінің ғимараты - Ә.Тәжібаев облыстық кітапханасы - Сол жағлауда орналасқан облыстық жастар ресурстық орталығы - «Бақытты отбасы» орталығы - Қаламыздағы барлық емханаларда - Қалаға қарасты барлық мектептерде
21 мамыр 2020 ж. 20 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031