» » ЖЕКЕ КУӘЛІК МЕРЗІМІ ӨТКЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР 1414-КЕ ХАБАРЛАСЫП, ӨТІНІШ БІЛДІРЕ АЛАДЫ

ЖЕКЕ КУӘЛІК МЕРЗІМІ ӨТКЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР 1414-КЕ ХАБАРЛАСЫП, ӨТІНІШ БІЛДІРЕ АЛАДЫ

 Төтенше жағдай мерзімінде 9 мыңнан астам қызылордалықтардың жеке куәлік мерзімі өтіп кеткен. Ішкі істер органдары өз тараптарынан ол азаматтарға ешқандай айыппұл салынбайтынын жеткізген болатын. Тұрғындар жеке куәліктерін 10 шілдеге дейін ауыстыруға мүмкіндіктері бар.
18-20 мамыр аралығындағы 3 күн ішінде облыс бойынша ХҚО-ға 3 мыңнан астам тұрғын жеке куәліктерін ауыстыруға құжаттарын тапсырған.
Естеріңізге сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филалы көші-қон басқармасы және облыстық білім басқармасымен бірлесіп, карантин уақытында куәлік мерзімі өткен соғыс ардагерлерінің, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барып, құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетті.
Енді жеке куәлік мерзімі өткен зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар 1414 байланыс орталығына хабарласып, электронды өтініш білдіруге болады. Өтініш түскеннен соң мамандар үйлеріне барып, құжаттандыру жұмыстарын жүргізетін болады.
21 мамыр 2020 ж. 22 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031