» » "Қазмедиа орталығы" ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді

"Қазмедиа орталығы" ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді

 22 мамыр - 7 маусым аралығында "Қазмедиа орталығы" ғимаратында кіріп-шығуға шектеулер енгізілгені хабарланды
"Еуразия" арнасының 2 қызметкерінен коронавирус анықталды. 
18-20 мамыр аралығында "Қазмедиа орталығы" ғимаратындағы телеарнаның 200-ге жуық қызметкері Covid-19-ке тексерілді. 
""Еуразия" арнасының 2 қызметкері стационарда жатыр. Телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы режимге ауыстырылды. Арна басшылығы қызметкерлерді барынша қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруі қажет", - деп жазылған қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

"Қазмедиадағы" карантин

Сонымен қоса 22 мамыр мен 7 маусым аралығында "Қазмедиа орталығы" ғимаратында кіріп-шығуға шектеулер енгізілді.
Барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет екені ескертілді. Медициналық масқа киіп, қолды антисептикпен өңдеу, адамдармен арақашықтықты сақтау маңызды. Дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үйде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу керек екені айтылып отыр.






22 мамыр 2020 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031