» » Қазақстандағы алғашқы кәсіби Парламент қалай сайланды - Елбасы кітабынан

Қазақстандағы алғашқы кәсіби Парламент қалай сайланды - Елбасы кітабынан

«ҚазАқпарат» оқырмандарын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының мазмұнымен таныстыруды жалғастырады. Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Бүгін «ҚазАқпарат» осы кітаптан Қазақстанда тұңғыш рет Сенат пен Мәжіліс депутаттарын сайлау, алғашқы кәсіби Парламент жөніндегі Елбасының естеліктерінен үзінді келтіруді жөн көріп отыр. *** 1995 жылғы Парламент сайлауы. Алғашқы кәсіби Парламент. Конституция қазақстандық парламентаризмді дамытудың принципті түрдегі жаңа кезеңін бастап берді. Бұрын «Парламент» сөзі Жоғарғы Кеңеске қатысты айтылса да, ресми қолданылған емес. Жаңа негізгі заң Парламентті жоғары заң шығарушы орган деп жариялап, бұл сөзге мемлекеттік мәртебе берді, ал ұғымның өзін нақты саяси мазмұнмен байытты. 1995 жылдың 5 желтоқсанында алғашқы Сенат сайлауы, 9 желтоқсанда - Қазақстан халық бірлігі партиясы 67 орынның 24-іне ие болып, сенімді түрде жеңіске жеткен Мәжіліс сайлауы өткізілді. Демократиялық партия - 12 орын, Шаруалар одағы - 7, Кәсіподақ федерациясы - 5, Жастар одағы - 3, Инженерлік академия - 5, Компартия 2 орын алды. Қазақстан халық конгресіне, Халықтық-кооперативтік партияға, Кәсіпкерлер одағына, Қазақстанның қайта құру партиясы мен «Невада - Семей» қоғамдық қозғалысына бір-бір орыннан тиді. Менің ұсынысым бойынша Сенат төрағалығына Ө. Байгелді сайланды, Мәжілісті М.Оспанов басқарды. Мен, ол кезде қосымша заңды өкілеттікке ие Президент ретінде Парламентке заң бойынша өзіме тиесілі барлық заңдық билікті бердім. Сол арқылы маған берілген ерекше өкілеттіктердің уақытша және мәжбүрліктен туындаған саяси шара екені дәлелденді. Қазақстанның үйлесімді ішкі саяси болашағының бірден-бір кепілі де дәл осы билік тармақтары арасындағы ойластырылған тепе-теңдікте жатыр. 1996 жылдың қаңтарында Парламент өз жұмысына кірісті. 
3
18 желтоқсан 2017 ж. 607 2

Гость JeaKeenny от 26 ақпан 2019 15:39
Propecia Facmed For Sale Secure Isotretinoin Tablets Website Free Shipping Will Keflex Treat Mrsa cialis Cialis generika 20mg kaufen Venta De Cialis En Espana Buy Viagra Without Rx

Гость JeaKeenny от 15 наурыз 2019 10:33
Effet Viagra Fertilite dapoxetine price Nevirapine

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

07 желтоқсан 2019 ж.
Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!

20 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031