» » ҚР Президенті: Сегізбаев футболдың дамуына елеулі үлес қосты

ҚР Президенті: Сегізбаев футболдың дамуына елеулі үлес қосты

Мемлекет басшысыеліміздің даңқты спортшысы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев танымал футболшы әрі спорт қайраткері Тимур Сегізбаевтың отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Жеделхатта Қазақстан футболын дамытуға және балалар мен жастар арасында спорттық өмір салтын насихаттау ісіне Т.Сегізбаевтың сіңірген еңбегі айрықша атап өтілген. «Ол жаттықтырушы әрі Қазақстан футбол қауымдастығы басшыларының бірі ретінде елімізде спорттың осы түрінің дамуына елеулі үлес қосты», - делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы Т.Сегізбаевтың есімі халық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.
19 желтоқсан 2017 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 02 (279)

09 қаңтар 2019 ж.

№ 01 (278)

04 қаңтар 2019 ж.

№ 52 (277)

27 желтоқсан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031