» » Жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамал

(30 шілде – 5 тамыз)


Тоқты
   Өзгерісті өзгеден күтпей өзіңізден бастаңыз. Жұлдыздар аптаны отбасыға арнауға кеңес береді. Жұмысты да ысырып тастамаңыз. Қосымша қаражат табуға қолайлы уақыт. Таза ауада жиі серуендеңіз. Уақытты тиімді нәрсеге пайдаланыңыз. Адамдарға көмектесіп, қолдау білдіріңіз. Адамгершілікті алдыңғы орынға қойыңыз.
Торпақ
   Жұлдыздар осы аптада денсаулыққа аса назар аудару керегін алға тартады. Серуендеп, жеміс-жидекпен қоректеніп, көп күш жинағаныңыз абзал. Денсаулықпен ойнауға болмайды, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз дәрігерге қаралыңыз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген тәмсілді қолданыңыз. Мұны өзіндік ұстанымыңыз деп қабылдасаңыз да болады. Жұмысыңызды кейінге шегеріңіз. Сенімді деген серіктеске уақытша табыстаған жөн болады. Кейін мәселені қолға алып, реттеп аласыз.
Егіз
  Іскерлігіңіз өзгелерді тәнті етуде. Осы қалпыңыздан таймаңыз. Өмір өзгерісті талап етеді. Сондықтан да сыртқы келбетіңізді өзгертіңіз. Арнайы дизайнер мамандардың кеңесіне жүгініп, стиліңізді өзгертіңіз. Киімнің өзі адамды біршама өзгертеді. Ал іскерлігіңізді әлі де шыңдай түсіңіз. Ізденіңіз, алға жоспар құрып, өзгелерден ерекше болуға талпыныңыз. Бұл сізді биік белестерге көтереді, мансабыңыздың жоғарылауына септігі тиеді.
Шаян
  «Менің арманым қалай да орындалу керек» деп өзіңізді жігерлендіріңіз. Жоспарыңызды жүзеге асыруға талпыныңыз. Сонда ғана ойлаған ісіңіз орындалмақ. Жұлдыздар гардероб ауыстыруға кеңес береді. Сізге де стиль өзгерту қажет. Өзіңізді өзге қырынан көрсету үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Айналаңызға көз жүгіртіп, жан-жаққа қарап шығыңыз. Бәлкім сіздің серігіңіз қасыңызда жүрген шығар. Отбасы мүшесін толтырып, үйіңізді қуанышқа кенелтетін уақыт келді.
Арыстан
    Аптада сезімге ерік бересіз. Бірақ ол үшін өкінудің қажеті жоқ. Бәрі де жақсы болады. Махаббатты жандандыратын уақыттың жеткенін ескеріңіз. Сізге үйлену керек. Мұны жақын арада жүзеге асыратын жоспарға енгізіп қойыңыз. Сонда ғана ісіңіз өрге басады. Алға жылжығанда ұмтылысты аңғарасыз. Өміріңізге енген жанның сізге сәттілік әкелетіні сөзсіз.
Бикеш
  Бұл белгідегі жандардың қашанда жолы болғыш. Айы оңынан туады. Оның өзіндік себебі де бар шығар. Бәлкім жауапкершілікті жоғары бағалар, мүмкін сенімді ақтау керегін жақсы түсінеді. Қалай болғанда да жолдары болғыш. Апта соныңда ескі достарыңызбен кездесесіз. Бұл сізге өткенді ой-елегінен өткізуге көмектеседі. Сондай-ақ кейінге ысырып жүрген жұмыстарыңызды біртіндеп ретке келтіріңіз. Ата-анаңыздың алдын кесіп өтпей, айтқан кеңесіне құлақ асыңыз. Маңызды шешім қабылдар сәтте мұның септігі көп болмақ.
Таразы
  Сәттілік серігіңізге айналады. Аптада ешқандай қиындық болмайды. Бәрі сіз ойлағандай жоспарыңызбен іске асады. Тек уақытты босқа өткізбеңіз, істеуі тиіс деген нәрсені жүзеге асырыңыз. Талантыңызды көпшілікке көрсететін уақыт жетті. Достың да, дұшпанның да көзі сізде болады. Бірақ бәріне де тосқауыл болу, өзіңізді көрсету сізге жүктелген.
Сарышаян
   Карантин кезінде саяхаттаудың сәті түспейді. Десе де отбасылық демалысты ұйымдастырыңыз. Аулаға дастархан жайып, балалардың көңіл-күйін көтеріңіз. Өзіңіз де бір серпіліп қаласыз. Көптен бері жоспарлап жүрген ісіңізге карантиннің кері әсер еткені өкінішті. Десе де бәрі уақытша нәрсе екенін ұмытпаңыз. Алдағы уақытта жұмысыңыз жүріп, ісіңіз өрге басады. Сол кезде өткенді еске алып отыратын боласыз. Әзірге әрекет етіңіз, жұмыс істеуге талпыныңыз.
Мерген
   Жұмыста үлкен өзгеріс орын алғалы тұр. Мұның сізге тигізер кері әсері жоқ. Бастысы, басшылықпен тіл табыса білсеңіз болғаны. Бұл «нені айтса, соны орындауға тиіссің» деген сөз емес. Тек сізге берілген жауапкершілікті атқарған дұрыс. Ата-анаңыздың арманын орындаңыз. Осы аптада ешқандай құжатқа қол қоймаңыз. Бәлкім сізге тигізер зияны болмас. Бірақ сақ болған жөн.
Тауешкі
   Ғылыми жұмыспен айналысатын уақыт келді. Барлығын кейінге ысырып, тек жоспардағы шаруаны атқарыңыз. Осы аптада білім беру саласында қызмет ететіндер мен саясатқа жақын жандардың жолы болады. Жұлдыздар кез-келген адамға сене беруге болмайтынын айтады. Сондықтан сөзге еріп кетпеңіз. Бәрін құжат жүзінде атқарыңыз. Жұмысыңызды іспен дәлелдеңіз.
Суқұйғыш
     Материалдық жағдайыңыз жұмыс істеуіңізбен тікелей байланысты. Мол қаражат тапқыңыз келсе, іске кірісіңіз. Қолыңыздан біраз шаруа келеді. Соны жұртшылыққа дәлелдеңіз. Көп табыс табуды емес, адал ақша табуды алдыңғы орынға қойыңыз. Сонымен қатар біліміңізді жетілдіру керегін де алға тартыңыз. Жан-жақтан курстарға қатысып, пайдалы іске кірісіңіз.
Балық
    Ұйымдастырушылық қабілетіңіз жоғары. Енді осыны дәлелдеңіз. Жұмыс уақытын босқа жоғалтпаңыз, тиімді іске жұмсаңыз. Өзіңізге келтірер пайдасын ойлаңыз. Таныс-тамырды қоя тұрып, өзіңізге көңіл бөліңіз. Осы апта сіз үшін сынақ болғалы тұр. Сынақтан сүрінбей өту керегін ескеріңіз. Егер басшылық тарапынан ескерту түссе, соған орай әрекет етіңіз. Бүлдірген шаруаңызды реттеуге тырысыңыз. Өкініштісі, бұл аптада сізді қуанта қоятын жақсы жаңалық болмай тұр. Бәрі өзіңізге тікелей байланысты. Жұмыста алғашқы күнгі іс-әрекетіңіз қалай басталады, апта солай аяқталады.
30 шілде 2020 ж. 248 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

28-357

16 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31