» » Боксты Олимпиададан шеттетеді дегенге сенбеймін – Василий Левит

Боксты Олимпиададан шеттетеді дегенге сенбеймін – Василий Левит


2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит бокстың 2020 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетілуі туралы ойымен бөлісті.
Еске салайық, қазіргі уақытта Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) боксты 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада бағдарламасынан шығарып тастауды қарастырып жатыр. Бұл туралы ХОК-тың басшысы Томас Бах айтты.
"Боксты Олимпиада ойындарынан шеттетеді дегенге сену қиын. Менің ойымша, бұл қисынға келмейтін нәрсе. Өйткені бокс Олимпиададағы ең қызықты спорттың түрі. Сондықтан да боксты Олимпиададан шеттетеді деген әңгімеге сенбеймін", - дейді Левит.
Айта кетейік, ХОК мұндай мәлімдемені AIBA ішіндегі проблемаларға негіздеп айтып еді. Комитет ұйымының басшыларына, қаржылық жағдайына және Олимпиада кезінде төрешілердің әділ жұмыс істеуіне күмәнмен қарап отыр.
2016 жылы Риода өткен Олимпиадада екі жекпе-жек күмән келтіреді. Оның бірін ресейлік Евгений Тищенко финалда қазақстандық Василий Левитті жеңген кездесу болса, екіншісі тағы бір ресейлік боксшы Владимир Никитен мен ирландиялық Майл Конлан арасындағы кездесу.
05 ақпан 2018 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

№ 47 (272)

22 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31