» » ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНДЕ ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ

ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНДЕ ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ


«Байқоңыр» кешенінен «Союз МС-07» зымыраны ұшырылды. Зымыран ұшырылымына Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов бастаған делегация және Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен халықаралық ұйымдарының өкілдері келіп тамашалады.
Құрметті қонақтар «Гагарин стартынан» зымыран ұшырылымын тамашалап, космодром мұражайына, С.П. Королев және Ю.А.Гагарин тұрған үйлерге барды, «Буран» орбиталық кемесі және Қорқыт Ата мемориалдық кешенімен танысты.
Қызылорда облысына арнайы келген Татарстан республикасының президентін облыс әкімі Қ.Көшербаев күтіп алып, «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт ата кешенімен таныстырды.
Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әсерімен бөлісті.
«Ең алдыменбаршаңызды Казакстанның  тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осындай мерекеде осы елде болғаныма қуаныштымын. «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Қорқыт Ата кешені үлкен әсер қалдырды. Мен Қазақстанға келсем, өзімнің бауырларыма келгендей сезімде боламын»,- деді ол.
«Союз» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына кезекті ұзақ мерзімді экспедицияға аттанған жаңа экипаж құрамын жеткізбек. Экипаж мүшелері - «Роскосмос» ұйымының ғарышкері, кеме командирі Антон Шкаплеров, «NASA» астронавты Скотт Тингл (АҚШ) және «JAXA» астронавты Норишиге Канаи (Жапония). Экспедицияның жоспарланған мерзімі – 122 тәулік.
Естеріңізге сала кетейік, Ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарына сәйкес, желтоқсан айында «Байқоңыр» кешенінен 2 зымыран ұшырылатын болады: 17 желтоқсан күні – «Союз МС-07» кемесі мен «Союз-ФГ» зымыран-тасығышы және 26 желтоқсан күні Ангола мемлекетінің «Ангосат» байланыс спутнигі мен «Зенит» зымыран-тасығышы ғарышқа ұшады деп жоспарлануда.
19 желтоқсан 2017 ж. 670 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031