» » » Қызылордада ауыз су уақытша тоқтатылады

Қызылордада ауыз су уақытша тоқтатылады

  Ертең, 30 қыркүйек күні 20.00-ден 1 қазан күнгі сағат 06.00-ге дейін «Бас Тоған», «Степь», «Арай», «Қызылжарма», «Мұнайшы» су алу құрылымдарының таза су қоймаларына, қаланың және Тасбөгет кентінің ауыз су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
«30 қыркүйек күні сағат кешкі 20.00-ден түнгі 03.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады. 1 қазан күні сағат 06.00-ден кейін ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып қойып хлордың иісі кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз. Ведомстволық мекемелерде ауыз суды сыртқа ағызып жіберу уақытында 1 қазан күні сағат 06.00-ден  сағат 08.00-ге дейін жауапты кісілерді бекіту қажет», – делінген қала әкімдігінің таратқан хабарламасында.
29 қыркүйек 2020 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-371

22 қазан 2020 ж.

41-370

15 қазан 2020 ж.

40-369

08 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031