ЖЕЛАЯҚ ЖЫЛАНБАЕВ


      «Адамның мүмкіндігі шексіз» деген тіркесті жиі естиміз. Алайда, сол мүмкіндіктің көбін пайдаланбай, алтын уақытымызды енжарлыққа айырбастап жүре беретін жалқаулығымыз басым. Дегенмен, табандылық танытып, алға талпынғандар биік белестерді бағындырары сөзсіз. Сондай жанның бірі – Марат Жыланбаев. Ол алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 90-жылдары «Гиннестің рекордтар кітабына» есімі енген. Негізгі мамандығы суретші. Дегенмен 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипед, шаңғы спортымен айналысқандықтан болар спортқа бір табан жақын өседі. Ал алып шөлді аймақтарды бағындыру туралы ойдың қайдан келгенін былайша баяндайды.
         – Австралиялық саяхатшы Робин Дэвидсонның кітабын оқып, шөлді жүгіріп өту туралы ой келді. Дайындалып, шөл туралы барлық кітаптарды оқыдым. Ашхабад қаласындағы Шөл дала институтына барып, білімімді тереңдетіп, алға қойған мақсатыма жету үшін аянбай жаттықтым, – дейді Марат Жыланбаев зор мақтанышпен.
         Бір жылдың ішінде қазақтан шыққан желаяқ 226 классикалық марафонды жүгіріп өтіп, әлемдік үш ре­корд орнатады. Дүниежүзінің талай сайысында әуелі Кеңестер Одағын, кейін тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатты. Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шыққан. Сондай-ақ, 1992 жылы 20 күнде мың шақырымнан асатын Қарақұм шөлін, 1993 жылы жиырма төрт күнде қара құрлықтағы Сахара шөлін (1700 шақырым) кесіп өткен. Осы жылы бұл жетістігімен шектеліп қана қоймай,  мың жарым шақырымдық Үлкен Виктория шөлін де бағындырады. Ал, 1994 жылы он бес күннің ішінде Мохава шөлін (1218 шақырым) кесіп өткен. Міне, осы жетістіктерінің арқасында қазақ марафоншысының есімі «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті мәрте енген.
18 ақпан 2018 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031