» » » ЕРТЕҢ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

ЕРТЕҢ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

2018 жылдың 14 ақпанында сағат 11.00-де Қызылорда қаласы, Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың 2017 жылдың қорытындысы бойынша халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.Осы орайда, облыс басшысының халық алдында жылдық есеп беру жиынына шақырамыз! Есепті кездесуге байланысты Қызылорда қаласында және барлық аудандардағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдердің аппараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.
Сондай-ақ, сауалдарыңыз болса, алдын ала күнделікті сағат 9.00-19.00 аралығында 400-100 «Call-центр» нөміріне хабарласуға және www.400-100.kz сайты арқылы жолдауға болады.
Облыс әкімінің есепті кездесуі «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы «Қызылорда облысының әкімдігі» парақшасынан және «www.youtube.com» интернет желісі арқылы тікелей эфирден көрсетілетін болады.
***
Есепті кездесуге байланысты халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер төмендегі мекен-жайларда орнатылған.

АРАЛ АУДАНЫ БОЙЫНША:

Аудан әкімі аппараты, Арал қаласы әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйінің ғимараттары.
Қазалы ауданы бойынша: Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімі аппараттарының, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазалы теміржол вокзалы, «Талап» автостанциясы, «Ырыс-Болашақ» базары, Қазалы қалалық мәдениет үйі ғимараттары.

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША:

Жосалы кенті әкімінің аппараты, теміржол вокзалы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі ғимараттары.

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ БОЙЫНША:

Аудан әкімінің аппараты, Жалағаш кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі,  аудандық емхана, №202 орта мектеп ғимараттары.

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ БОЙЫНША:

Тереңөзек кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі, аудандық орталық аурухана, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі, №35, №36, №210 және №131 орта мектептердің ғимараттары.

ШИЕЛІ АУДАНЫ БОЙЫНША:

Аудан әкімінің аппараты, Шиелі кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлім¬шесі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, мемлекеттік кірістер басқармасы, теміржол вокзалы ғимараттары.

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ БОЙЫНША:

Аудан әкімінің аппараты, Жаңақорған кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттары.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША:

Теміржол вокзалы, автовокзал, әуежай, М.Ералиева атындағы мәдениет үйі, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, «Жайна», «Универсам», «SMALL», «Сырдария» сауда үйлері, «Жаңа базар» ғимараттары.

Ескертпе: Барлық аудандарда және Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдердің аппараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.
13 ақпан 2018 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 33 (258)

16 тамыз 2018 ж.

№ 32 (257)

09 тамыз 2018 ж.

№ 31 (256)

02 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031