» » » ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ

ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ

28 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және солтүстік- батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, батыста бұршақ жаууы мүмкін.
  Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, ал Шығыс Қазақстан облысында тұман түсуі ықтимал.
  Ақмола, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Қарағанды облысында түнде және таңертең күн күркіреп, найзағай ойнайды.
  Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің күші 17-22 м/с жетеді, бұршақ болуы ықтимал.
Күндіз Атырау облысында жел шаңды дауылға ұласып, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Маңғыстау облыстарында тұман түседі.
28 сәуір 2018 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 33 (258)

16 тамыз 2018 ж.

№ 32 (257)

09 тамыз 2018 ж.

№ 31 (256)

02 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031