» » » Сақтық шаралары пысықталды

Сақтық шаралары пысықталды

Облыс бойынша биыл 8 адам суға кеткен, оның 2-еуі бала. Күнделікті күшейтілген бақылау нәтижесінде 13 тұрғын құтқарылған. Аймақтағы төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу маусымы қарсаңында демалыссыз әрі үздіксіз жұмыс істеуде. Тіпті өрт сөндірушілер мен жергілікті полиция және еріктілер де осы жұмысқа тартылған. Өйткені су айдынындағы ескертуге құлақ аспайтындар көбейген. Белгіленбеген жерлерге шомылып, бақытсыздық жағдайға тап болу оқиғасы жиілеген. Бұл туралы облыстағы төтенше жағдайларға жауапты сала басшылары Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлімдеді.
 – Департамент пен жедел құтқару жасағының қызметкері жазғы суға түсу маусымында қайғылы оқиға орын алмау үшін тынымсыз тер төгуде. Қазіргі кезде облыстың барлық аумағында кезекшілік таңғы сағат 08.00-ден түнгі 23.00-ге дейін ұйымдастырылуда. Тұрақты түрде жүргізіліп жатқан рейд, профилактикалық шараларға қарамастан суда қаза болғандардың саны азаяр емес, – деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары С.Молдақараев:
Сала мамандары судағы қауіпсіздік ережесі талаптарының сақталмауынан төтенше жағдайлардың болатындығын алға тартады. Баспасөз конференциясында судағы төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыстың барша тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және жағалауда балаларды қараусыз қалдырмау туралы баса айтылды.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
12 шілде 2018 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 68
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031