» » » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ!

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ!

Жаз айларында балалар көп уақытын лагерь мен демалыс орындарында өткізеді. Демалысын қызықты өткізіп жатқан балаларға өрт қауіпсіздігі ережесі, тұрмыста сақтық шаралары туралы мағұлмат бергеннің артықтығы жоқ.
Осы орайда Төтенше жағдайлар департаменті, Төтенше жағдайлар басқармасы және ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қаламыздағы «Арай-Санрайз» лагері әкімшілігімен бірлесіп «Балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері» атты ашық сабақ өткізді.
Мұндағы тынығушы балаларға тәрбиешілер – Ердібек Мадияр мен Тәуекел Сәрке сақтық шаралары туралы кеңінен айтып берді. Аталған сабақтың мақсаты – балаларды өрт қауіпсіздігінің басты ережелеріне үйрету, өрт сөндіруші мамандығы туралы мағұлмат беру болды, - дейді мамандар.
Сабақ барысында сонымен қатар балалардың сіріңкемен және басқа да жеңіл тұтанғыш заттармен ойнауы қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратыны айтылды. Өрт өр салғанда не істеу керектігі түсіндірілді.
Ашық сабаққа 180 оқушы белсене қатысты, олар берілген тақырыпқа сай викториналық сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушыларға 200 дана жадынама таратылды.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті
өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық
қызмет басқармасы                                                                                          
18 шілде 2018 ж. 1 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930