БАЙҚАУ!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қатысуымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің қызметі щеңберінде Ресей Федерациясының Бас Прокуратурасының бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама халықаралық жастар байқауы жарияланады.
Байқаудың 14 - 35 жасқа дейінгі аралықтағы қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында плакаттар және бейне форматында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама әзірлеу қажет, онда қоғамның барлық қызмет салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін, сондай-ақ аталған бағытта халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңыздылығын көрсету қажет.
Байқауға қатысу үшін жұмыстарды қабылдау 2018 жылғы 2 шілдесінен бастап 19 қазанға дейін аралықта байқаудың www.anticorruption.life ресми сайтында жүргізіледі.
Қазақстанның ең үздік жұмыстары жартылай финалға шыққандарды іріктеу бойынша ұлттық байқау комиссиясы отырысында және халықаралық қазылар алқасының қарауына жолданады.
Байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өткізіледі. Барлықтарыңызды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама халықаралық жастар байқауына қатысуға шақырамыз. Толық ақпаратты 8 (7242) 70-25-20 байланыс нөмірінен алуға болады.  
25 шілде 2018 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930