» » » Жаңа үлгідегі медициналық пакет деген не?

Жаңа үлгідегі медициналық пакет деген не?

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) пакеті мемлекет басшысының биылғы жолдаудағы тапсырмасы негізінде оңтайландырылып жатыр. Тегін медициналық көмектің жаңа нұсқасы әрбір адамға шұғыл және алғашқы медициналық көмек көрсетуге, қоғамдық мәні бар ауруларды мемлекеттік бақылауға алуға негізделген.
         Ал, ТМККК пакетінің жаңа үлгісімен қатар енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті оның кем-кетігін толықтырып, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, ұлт саулығының іргетасын қалауға ықпал етеді. Бір сөзбен, шұғыл көмек пен мемлекет тарапынан реттеуді талап ететін саланың бәрі ТМККК пакеті есебінен жүзеге асырылады. Ал, кепілдік берілген тегін көмекке кірмейтін қосымша қызметтер мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы көрсетіледі.
Амбулаторлық деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмекті әлеуметтік маңызы бар аурулар да, ТМККК шеңберінде динамикалық бақылауға алынатын науқастар да ала алады. ТМККК-ге кірмейтін науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС есебінен жүргізіледі.
ТМККК жаңа үлгісіндегі медициналық пакетіне:
Барша азаматтарға
  1. Жедел әрдем және санитарлық авиация;
  2. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек;
  3. Шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын және стационарлық көмек;
  4. Паллиативті көмек;
Әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде
  1. Консультативті-диагностикалық қызмет;
  2. Амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  3. Жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек;
  4. Туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалту;
МӘМС (сақтандырылғандарға арналған) жаңа үлгісіндегі медициналық пакетіне:
  1. Консультативтік-диагностикалық көмек:
    • Ересектерді профилактикалық тексеруден өткізу;
    • Балаларды мамандандырылған деңгейде тексеру;
    • Бағасы қымбат зертханалық қызметтер: гормондар, дәрумендер, онкомаркерлер, антиденелер, ПЦР;
    • Бағасы қымбат диагностикалық қызметтер: КТ, МРТ т.б;
  2. ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  3. ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету;
  4. ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша жоспарлы стационарлық көмек көрсету
  5. Балалар мен ересектерді: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология, ортопедия салалары бойынша медициналық оңалту;
Денсаулық сақтау министрлігі ауруларды пассивті диспансерлеу саясатынан белсенді динамикалық бақылау жүйесіне көшуді жоспарлап отыр. Динамикалық бақылаудың бұл түрі пациенттердің тікелей қатысуымен жүргізіледі. Яғни, пациент емхана дәрігерімен бірлесіп, өз денсаулығын күн сайын бақылауға тиіс. Мұндай менеджменттің жақсы нәтиже берері анық. Өйткені, ол тиімділігі төмен диспансерлеу жүйесіне қарағанда аурудың асқыну, мүгедектіктің көбею қаупін төмендетеді. Тағы бір айта кетерлігі, динамикалық бақылауға алынған пациенттер бұрынғыша диагностикалық қызметтердің негізгі түрлері мен салалық дәрігерлер консультациясын да тегін ала алады. Осы шаралардың бәрі ауруды бақылауда ұстап, оның асқынып кетуіне жол бермейді.
Бахыт Исмаханбетов,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы
бойынша филиалының директоры
26 шілде 2018 ж. 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930