Ерекше жаңалық

Өздеріңіз де білесіздер, күні кеше облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы  «Кәсіпкерлер үйінің» жаңа ғимаратында бизнес-қауымдастық өкілдері мен мүдделі сала басшыларының басын қосып, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының» 3 жылға ұзартылғандығын жеткізді. Бұл – біз үшін керемет жаңалық.«Кәсіпкерлік жылы» деп жарияланған биылғы жылдың 6 айының өзінде саланы дамытудың кешенді Жол картасы әзірленіп, қаржыландырудың барлық көздерінен 32 млрд теңге қаржы тартылды. Соның ішінде жұмыссыз азаматтар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға шағын несие беру үшін 2 млрд  94 млн теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күннің өзіне «Қызылорда» инвестициялық орталығы арқылы 280 жоба, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 138 жоба қаржыландырылды. Негізгі басымдық ауылдағы ағайынға беріліп отыр.  
Мұнан өзге, жыл басында инновациялық жобалар үшін жарияланған қайтарымсыз грантқа 200 млн теңге бөлініп, байқау қорытындысымен 224 жоба жеңімпаз атанды, қаржыландырылды. Айта кету керек, биыл инновациялық жобаларға арналған гранттарға бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда, екі есе өсті.
Осы және өзге де көрсетілген мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде биылғы жылдың өзінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілері 11 процентке артты. Қазір облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік саласында 84 250 адам жұмыс жасауда. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш өсетіні сөзсіз.
Міне, бұл бірлесе 6 айда қол жеткізген жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Енді осы қарқынды 3 жылға арттырыңызшы: жаңа жұмыс орындары, жаңа кәсіпкерлік нысандары мен қызмет түрлері. Бұл шешімнен біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Әріптестерім бұл жаңалықты қуана қабылдап, қазірдің өзінде жоспарларын жасауда.
Сондай-ақ, тамыз айына дейін қаладағы Әйтеке би көшесі, 28 мекен-жайында жұмыс жасаған «Кәсіпкерлер үйі» Желтоқсан көше­сіндегі «Бастау» бизнес орталығына көшіп, жаңа мүмкіндікке қол жеткізді. Ендігі жерде бірлесе жұмыс жасау – ортақ міндетіміз.

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
облыстық кәсіпкерлер
палатасының директоры.
07 тамыз 2018 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-367

24 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

Экономика

Бүгін – Еңбек күні

Бүгін – Еңбек күні

27 қыркүйек 2020 ж.
2000-ға жуық ағаш екті

2000-ға жуық ағаш екті

27 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930