» » » ҚР Дін істері министрлігі департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Дін істері министрлігі департаментіне жаңа басшы тағайындалды


ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып Оралов Асхат Раздықұлы тағайындалды.Бүгін жаңа басшы министрлік ұжымына таныстырылды. Асхат Оралов 1990 жылдың 10 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген. «Аударма ісі» мамандығы бойынша жоғары білімі бар және «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистрлік және PhD докторлық дәрежесіне ие. 2010 жылдың ақпан айынан бастап 2014 жылдың сәуіріне дейін – Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының хатшылығында басшылық лауазымдарды атқарған.
2011 жылдың желтоқсаны мен 2012 жылдың қыркүйегі аралығында Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-нің әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман, 2013 жылдың маусымы және 2014 жылдың сәуір айы аралығында Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман болып қызмет атқарған. Ал 2014 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың желтоқсанына дейін Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2016 жылдың наурыз айында Астана қалалық мәслихатының VI шақырылым депутаты болып сайланады. Асхат Раздықұлы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болып қызмет етті.
03 қаңтар 2018 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-367

24 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

Экономика

Бүгін – Еңбек күні

Бүгін – Еңбек күні

27 қыркүйек 2020 ж.
2000-ға жуық ағаш екті

2000-ға жуық ағаш екті

27 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930