» » » БІЗ ЖӘНЕ «АҚМЕШІТ ЖАСТАРЫ»

БІЗ ЖӘНЕ «АҚМЕШІТ ЖАСТАРЫ»

Бес жыл бұрын үйленем деп жүгіріп,
Ой-санамды жаулап жүрген бір үміт.
Бес жыл бұрын шақыруды беруге,
Жастар жаққа барып едім қыдырып.
Тұңғыш нөмір даярланып жатқанда,
«Ақ қағазды» қалдырып ем ақ таңда.
Отбасыммен байланысты бұл ұжым,
Келдім бүгін дәл осындай тоқтамға.
Талай жастың болған ұжым сырласы,
Мен барғанда аталған ед(і) бір жасы.
Құтты болсын беске келіп жатырмыз,
Менің шағын отбасымның құрдасы.
Мұндай бақты менен басқа кім көрген,
Ойлаушы едім «құрдаспын» деп кімдермен?
Шаңырақты шаттық кернеп жатқанда,
Қолдап тұрды осы ұжым іргемнен.
Тұңғышымыз қадам басты өмірге,
Бөлісті ұжым қуанып шын көңілден.
Ғұмыры ұзақ болсыншы деп газеттің,
Тілеймін мен дұға қылып Тәңірден.
Басшымыз да сырласады бауырдай,
Дос-жаранды қалай жүрем сағынбай?!
Маған жарым бақ сыйласа иіліп,
Бұл ұжымым шын тілеуқор анамдай.
Көркейсін де, өсе берсін таралым,
Сайтта да арта берсін қаралым.
Іздеп жүрсін Жаңақорған, Шиелім,
Қармақшы елі, Қазалы мен Аралым.
Бұл газетті күтсін әр сәт бар Алаш,
Оқырманбыз, жазылмасақ жарамас.
Апта сайын жүр асыға күтумен,
Сырдариям мен Жалағаш.
Биік болсын шығар шыңы, тұғыры,
Ұзақ болсын басылымның ғұмыры.
Отбасымен оқып тұрар жазылып,
Тілек жазған Алашыңның бір ұлы!
Дәулет ҚЫРДАН
13 қыркүйек 2018 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031