» » » Бүгінгі күнге жұлдыз-жорамал

Бүгінгі күнге жұлдыз-жорамал

   Тоқты
    Еңбегіңіздің жемісін көресіз. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарып, жаныңыз жайдарланып бір сергіп қаласыз. Апта дүкен аралап, киіміңізді жаңартуға қолайлы уақыт.
Торпақ
    Апта басы қауырт басталғанымен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуыңызға немесе кинотеатрға барып, уақытыңызды қызықты етіп өткізуіңізге болады. Бастысы жоспар бойынша әрекет етіңіз.
Егіз
   Аптада жаңа адаммен жолығып, тың жаңалық естисіз. Дәл қазір алға қойған мақсатыңыздың жүзеге асуы ортаңызбен тікелей байланысты. Табысқа жету үшін өзгелермен серіктес болу керек. Апта қуанышты жаңалық әкеледі.
Шаян
    Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керегі айдан анық. Сондықтан қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді жұмсай біліңіз.
   Арыстан
    Болашаққа тек оң көзқараспен қарап, бәрінің жақсы болатынына сеніңіз. Айналаңызда орын алып жатқан жайттарға мұқият болыңыз. Ұсақ-түйектен де үлкен мәселенің шығуы мүмкін екенін есте ұстаңыз.
Бикеш
  Жоспарланған жұмыстарыңыз өзіңіз ойлағандай болмауы мүмкін. Белгісіз жағдайларға байланысты кездесуіңізді кейінге қалдырасыз. Алайда оған бола алаңдамаңыз. Апта сәтті өтеді.
Таразы
      Болашағыңызға жоспар құрып алыңыз. Беделіңіз өсуі мүмкін. Достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асыңыз. Жалғыздықта қалып, ойлануыңызға болады. Ең бастысы уақытында шешім қабылдаңыз.
   Сарышаян
   Қаржылық жағдайыңызды реттегіңіз келсе, қандай да бір істі қолға алмас бұрын асыра сілтеп жібермеуді ойлаңыз. Өйткені оның да өзіндік кері әсері жетерлік. Сезімге бой алдырып, көз жұма тәуекелге барудан аулақ болыңыз.
Мерген
    Қаржылық жағдайыңыз біраз қыспаққа алуы мүмкін. Сондықтан да қалтадағыны қанағат тұтып, оңды-солды жұмсауға болмайтынын есте ұстаңыз. Уақытты жанұяңызға арнап, жақыныңыздың жанында болыңыз.
Тауешкі
    Жолы болғыш бұл жандар кез келген іспен қуана айналысады. Ал жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Өзгелердің пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы қолыңыздан көп іс келетініне бәрінен бұрын өзіңіз сеніңіз.
Суқұйғыш
   Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз. Жұлдыздар ақшаны оңды-солды жұмсамауға кеңес береді.
Балық
     Бір істі оңай орындай алсаңыз, қуаныңыз. Жақыныңыздың сөзіне құлақ асыңыз. Жоспарыңыздың жүзеге асуы сол адамға тікелей байланысты болмақ. Жаңа іспен айналысудан бас тартпаңыз. Алдыңызда тек жақсы күн күтіп тұр.

14 маусым 2019 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

25-302

20 маусым 2019 ж.

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930